Түркістан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар комитетітінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Түркістан филиалында Қазақстан Республикасы заңнамаларының нормаларының сақталуына аудиторлық іс-шара жүргізілді.
Аудиторлық іс-шарамен 2022 жылы «Су қорын тиімді басқару» 254 бюджеттік бағдарламасы, «Су берумен байланысты емес трансшекаралық және республикалық су шаруашылығы нысандарын пайдалану және олардың техникалық жағдайына мониторинг жүргізу» 101 кіші мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 644,8 мың теңге қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 726,8 мың теңге қаржылық бұзушылық анықталды.
Бұл ретте, төлем тапсырмаларын берудің заңдылығы мен негізділігін, жасалған операциялардың дұрыстығын қамтамасыз етпей, "Қазсушар" РМК "Су метрология" филиалының 20 су бекетіне 726,8 мың теңге төленген.
Филиалға анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жіберілді, бюджетке анықталған 726,8 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар өндірілді.