Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуларды Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкестігі аудитімен конкурстық комиссия мемлекеттік сатып алу Қағидасының 233,241,237 тармақтарын 235 тармағының 1 тармақшасын бұза отырып әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін заңсыз жіберу немесе қабылдамау, шартты жеңілдік балдарын дұрыс есептелмеу нәтижесінде мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер ететін бұзушылықтардың жалпы сомасы 16 964,3 мың теңгені құрады.
Орал қаласы Әбілқайыр хан даңғылы № 44,46 мекенжайы, Громова көшесі мекенжайы бойынша аула аумағын абаттандыруды жариялау бойынша алдын ала біліктілік іріктеу тәсілімен қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша ашық конкурстың қорытындыларын қайта қарау мәселесі бойынша жүргізілген аудитпен мемлекеттік сатып алу Қағидасының 155-тармағы талаптарын бұза отырып, конкурстық комиссия әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдеріне шартты жеңілдіктерді заңнамаға қайшы қолданғаны анықталды.
Компьютерлік жабдықтарды және олардың бөліктерін жөндеу бойынша қызметтерге тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкестік талаптарын сақтау мәселесі бойынша жүргізілген аудитпен мемлекеттік сатып алуда аудит объектісінің лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы жұмсау қағидасын сақтамағаны анықталды.
Жеке тұлғалардың өтініштері негізінде жүргізілген аудит іс шараларынмен 2 273,9 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар анықталып, толықтай бухгалтерлік есеп бойынша толық қалпына келтірілді.
5."Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық" мемлекеттік мекемесі
Аудит қорытындысымен 4073,3 мың теңге сомаға қаржылық бұзушылықтар анықталды. Оның ішінде бюджетке өтеуге (аударуға) 1629,8 мың теңге, есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіруге 2443,5 мың теңге жатады.
Барлық аудит объектілеріне анықталған бұзушылықтарды жою туралы және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарымдар жіберілді.