Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Алматы облысы Ұйғыр ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не «Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылында сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңарту және салу» жобасын іске асыруға бөлінген бюджет қаражатын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудит жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 32 464,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаждау жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес еместігін білдіргендер, бұдан басқа, аудит объектісі өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сотқа талап арызбен жүгіну жөнінде шаралар қабылдаған жоқ.
Аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарастыру туралы нұсқама жіберілді, «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті» РММ-ге жолданды.