Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен «Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-не «Алматы облысының Еңбекшіқазақ топтық су жинау жүйесінің құрылысы» жұмыс жобасы бойынша ҚМЖ орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларын сақтау мәселесі бойынша аудит жүргізді.
Аудит нәтижелері бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісінде көрсетілген технологиялық жабдықты толық ауыстыру, бұдан басқа жүргізілмеген сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы талаптарға сәйкес жұмыс жобасына енгізілген өзгерістердің сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындылары бойынша жалпы сомасы - 1 484 484,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.
Аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді.