Шығыс Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен өз құзыреті шегінде тұрақты негізде әкімшілік іс жүргізуді қозғау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен, ағымдағы жылдың 11 айында Департаментпен жалпы сомасы 48,1 млн теңгеге 297 әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде бюджетке 37,2 млн теңге сомасында немесе 77,4% өндірілді. 10,9 млн теңге мөлшерінде өндіріп алынбаған айыппұлдар сомасы – заңды күшіне енбеген немесе мәжбүрлеп өндіріп алудағы материалдар.
Бұл ретте, қозғалған әкімшілік өндірістердің негізгі саны Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзуға (ҚР ӘҚБтК 207-бабы), атап айтқанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап қоюмен жүгінбеу (уақытылы жүгінбеу), сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзуға түседі.
Сонымен қатар, Департамент Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді белсенді түрде жүзеге асыруда. Сондай-ақ, Департаментпен қысқартылған тәртіппен 278 әкімшілік іс немесе 93,6% қаралды.