Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-де анықталған бұзушылықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы» КММ-де қызметкерлердің іс-сапар шығындарын өтеудің негізділігі мәселесі бойынша  аудит жүргізілді.

Аудит нәтижелері бойынша іссапар мерзімі бір күн және жол жүру құжаттары болмаған кезде жол жүру үшін жұмыскерлерге тәуліктік шығыстарды өтеуде көрсетілген жалпы сомасы 1 972,2 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Сонымен қатар, іссапарға іс жүзінде бармаған қызметкерлерге шығындар өтелді, ал ақша қаражаттары кейіннен мекеме басшысына берілді..

Аудит объектісінің атына анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы нұсқама жіберілді, соған сәйкес 1972,2 мың теңге сомасы бюджет кірісіне толық өтелді. Анықталған бұзушылықтар бойынша лауазымды тұлғаға (бас бухгалтер) тәртіптік жаза ретінде қатаң сөгіс берілді.

Сұраныс бойынша аудит материалдары Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлімінің 2-тармағы бойынша мекеме басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған Сыбайлыс жемқорлыққа қарсы қызметке берілді.

Дата публикации
05 декабря 2023
Дата обновления
05 декабря 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы