Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық мүдделі ұйымдармен жұмыс істеу туралы ақпарат

Жетісу облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін қоғамдық мүдделі ұйымдардың (бұдан әрі – ҚМҰ) жауапкершілігін қарау бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, қаржылық есептілікті табыс етуден бас тарту, белгіленген мерзімдерді бұза отырып табыс ету немесе оларды қаржылық есептілік депозитарийіне дәлелді себептерсіз ұсынбау, сондай-ақ міндетті аудит жүргізуден жалтару немесе оны жүргізуге кедергі жасау түрінде.

Барлығы 17 ҚМҰ әкімшілік жауапкершілікке тартылды:

оның 16-сы ӘҚБ кодексінің 239-бабына сәйкес «Қаржылық есептілікті ұсынбау немесе уақтылы ұсынбау» салынған айыппұл сомасы 4830,0 мың теңгені құрайды, 3105,0 мың теңге өндірілді:

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 250-бабы «Міндетті аудит жүргізуден жалтару» бойынша 1 ұйымға 25,9 мың теңге айыппұл салынып, 25,9 мың теңге өндірілді.

Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 4855,9 мың теңгені құрап, өндірілген 3130,9 мың тенге, орындалуы 64,5% құрады.

Дата публикации
05 декабря 2023
Дата обновления
05 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы