Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы әкімдігінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиттің қорытындысы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жеке тұлғаның өтініші негізінде мұғалімдер қызметкерлердің еңбекақысын есептеу және төлеу кезінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтау мәселелері туралы Астана қаласы әкімдігінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия» КММ-де (бұдан әрі – Мекеме) сәйкестік аудитін жүргізді.

Ішкі мемлекеттік аудит жалпы сомасы 1 246,6 мың теңге қаржылық бұзушылықтарды анықтады.

«Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығының 42-параграфтың 437-тармағын бұзу арқылы, тиісті білімі жоқ қызметкер лаборант лауазымына қабылданып, нәтижесінде 1 006,6 мың теңге мөлшерінде жалақыны артық төленуге жол берілген.

Сондай-ақ, нақты жұмыс істемеген уақыт үшін 240,0 мың теңге көлемінде негізсіз жалақы төленілген.

Тексеру қорытындысы бойынша, Мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарым жолданды. Бүгінгі күні бюджет кірісіне 963,8 мың теңге өтеліп, 282,8 мың теңге қалдық сомасы 2023 жылғы 31 желтоқсанның соңына дейін бюджет кірісіне өтеледі.

Сонымен қатар, директордың әкімшілік-шаруашылық істері жөніндегі орынбасарына сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолданылды.

 

 

 

Дата публикации
01 декабря 2023
Дата обновления
01 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы