Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 9 айындағы қызметі қорытындысы

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылдың 9 айында 96 аудит объектісінде бюджет заңнамасы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласындағы талаптардың сақталуына жалпы сомасы-3227.4 млн.тенге сомасын қамти отырып аудиторлық іс-шаралар жүргізіп   нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы 89 нұсқама жолданды.

2023 жылдың 9 айында аудитпен қамтылған бюджет қаражатының жалпы сомасынан 4 017,1 миллион теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 2 263,5 миллион теңгені, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1 753,6 миллион теңгені құрады.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 428,4 млн.теңгесі өтелуге, қалпына келтіруге – 499,6 млн.теңге, есепке алуға – 1335,4 млн.теңге; сәйкестендіруге  – 1 064,5 млн.теңге жатады.

Қабылданған шаралар бойынша бюджетке 221,1 млн.теңгесі өтелді,  436,3 млн.теңгесі қалпына келтірілді,  1 335,4 млн.теңге  бухгалтерлік есепте көрсетіліп, 13,8 млн.тенгесі сәйкестендірілді.

Есепті кезеңдегі аудит қорытындысы негізінде  жалпы сомасы 23,2 млн.теңгеге әкімшілік хаттамалар жасалып, оның 23,2 млн.теңгесі бюджетке, яғни 100% өндірілді.

Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит нысандарының 116 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Департамент «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес аудит нысандарына қатысты қаржылық бақылаудың ден қою  шараларын қабылдауда.

 

 

 

 

Дата публикации
21 ноября 2023
Дата обновления
21 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы