Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департамент қызметінің 2023 жылдың 9 айдағы қорытындысы

Астана қаласы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 9 айы ішінде бюджет қаражатын пайдалану үшін ішкі мемлекеттік аудит жүргізу жөніндегі негізгі функцияларды іске асыру мақсатында 99 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында Астананың 64 объектісі аудитпен қамтылды, оның ішінде жоспарлы тексерулер саны 24 немесе 38%, сондай-ақ 35 мемлекеттік аудит объектісін  электронды түрде өткізілген.

Тексерулердің жалпы санының 75 немесе 76% - ы келіп түскен өтініштер бойынша, құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың тапсырмасы бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер.

Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 42 759 729,8 мың теңгені құрады, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 21 277 752,3 мың теңгені және процессуалдық бұзушылықтар 21 481 977,5 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- 24 127 178,2 мың теңге, бюджет және өзге де заңнаманы бұзу;

- 17 181 609,0 мың теңге мемлекет активтерін, квазимемлекеттік сектор субъектілерін басқару және пайдалану кезінде заңнаманы бұзу;

- 1 450 942,6 мың теңге бухгалтерлік, бюджеттік есепке алуды жүргізу және қаржылық, бюджеттік есептілікті жасау кезінде заңнаманы бұзу.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 17 518 710,6 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар анықталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтаудан, жолын кесуден және оларға жол бермеуден басқа, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарымдар жіберіледі, бұл барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен 2 262 952,1 мың теңге қалпына келтірілді және өтелді, оның ішінде кәсіпорындардың шоттарына ақшалай қаражатты қалпына келтіру жолымен қалпына келтірілді, жұмыстар мен қызметтер орындалды, сондай-ақ 2 052 984,5 мың теңге сомасына тауарлар жеткізілді және 209 967,6 мың теңге бюджет кірісіне өтелді.

Құқық қорғау органдарына 3 объект бойынша қылмыстық істер қозғалған мемлекеттік аудит материалдары берілді.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 38 625,8 мың теңге сомасында айыппұл салумен 390 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бюджет кірісіне 37 470,0 мың теңге аударылды және төленді немесе 97%.

Есепті кезеңде тәртіптік жауапкершілікке 56 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 2 лауазымнан босатылды.

Біз тексерген бірқатар мемлекеттік аудит объектілерінің, мемлекеттік мекемелердің және бюджет қаражатын алушылардың қызметі тиісті дәрежеде бюджет қаражатын тиісінше пайдалануды қамтамасыз етпейді.

Аудитке ұшыраған барлық салаларда бұзушылықтарға жол берілді - құрылыс, денсаулық сақтау, мәдениет, білім.

 

Дата публикации
21 ноября 2023
Дата обновления
21 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы