Департаментпен 2023 жылғы 9 айда камералдық бақылауға түскен 13 297 мемлекеттік сатып алудың 13 151-іне камералдық бақылау жүргізілді немесе 98,9% қамтылды.
Камералдық бақылау іс шаралары нәтижесінде камералдық бақылау нысандарына 20,8 млрд. тенге сомасына 2268 хабарлама жолданды.
Осылайша, Департамент сомасы 20,8 млрд. тенге болатын мемлекеттік сатып алулар бойынша бұзушылықтың алдын алды.
Хабарламаларды тиісті түрде орындамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 462-бабының 3-бөлігіне сәйкес 112 әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттамалар толтырылып, 31 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, 2023 жылғы 9 айда мемлекеттік сатып алудың веб-порталы арқылы 2 625 шағым түсіп, қаралды, оның ішінде 806 шағым қанағаттандырылды, 1019 шағым жартылай қанағаттандырылды, 800 шағым қанағаттандырудан бас тартылды, ал 49 шағым қаралуда.
Камералдық бақылау жүргізу кезінде жиі анықталатын бұзушылықтар болып мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде: «Тапсырыс берушілер ұлттық стандарттарды, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттарды көрсетпеуі немесе қате көрсетуі», «әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін құқықтары мен заңды мүдделерін бұза отырып конкурсқа қатысуға жібермеу бойынша шешім қабылдау»; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңының талаптарын бұза отырып, әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін негізсіз конкурсқа қатысуға жіберу бойынша шешім қабылдау»; «баға ұсыныстарын сұрату тәсілі бойынша мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде ақпаратты жариялау тәртібі мен мерзімін бұзу», «Мемлекеттік сатып алу туралы Заңының 41-бабын бұза отырып, тікелей бір көзден алу бойынша шарт жасасуға мемлекеттік сатып алу тәсілін қолдану» сияқты бұзушылықтар табылады.