Меню

Страницы

Статья

Астаналық ІМАД-тың әкімшілік тәжірибе нәтижелері

ҚР ҚМ ІМАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде уәкілетті органның бірі болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес бұзушылықтың жолын кесу шараларының бірі заңды және жеке тұлғалардың әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілігі болып табылады.

Ағымдағы жылдың басынан бері ҚР ҚМ ІМАК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі – Департамент) қызметкерлері қызметінің қорытындылары бойынша заңды және жеке тұлғаларға қатысты 363 әкімшілік іс қозғады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына 132 әкімшілік іс жіберілді, ҚР ӘҚБК-нің 810, 811 баптарына сәйкес қысқартылған өндіріс тәртібімен Департамент 221 әкімшілік істі қарастырды, сонымен қатар Департамент басшысының қаулысымен 10 әкімшілік іс жалпы тәртіпте қарастырылды.

 Ағымдағы жылдың бес айында жалпы сомасы 17 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды. Қасақана төлемеушілерге мәжбүрлеу сипаттағы шаралар қолданылады.

Департаменттің нұсқамалары негізінде, сондай-ақ сот шешімдері бойынша  бюджет кірісіне қаржылық бұзушылықтар сомасын өтеу бойынша тұрақты жұмыс атқарылып жатыр.

Аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша жалақы, жалақыға заңсыз үстеме, іссапар шығыстары және өзге де төлемдер бойынша негізсіз төлемдер анықталды.

Неғұрлым жиі кездесетін бұзушылықтар мемлекеттік сатып алу саласында жасалады, атап айтқанда: Заңда көзделмеген негіздер бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімін қолданбай шарттар жасасу; әлеуетті өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін негізсіз қабылдамау не біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қатысуына негізсіз рұқсат беру; өзінің шарттық міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған өнім берушілерді Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы сотқа талап-арыздармен уақтылы жүгінбеуі не уақтылы жүгінбеуі, бұл соңғылардың жазасыздығына әкеп соғады.

Дата публикации
01 июня 2020
Дата обновления
01 июня 2020
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы