Нұр-Сұлтан бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті заңды тұлғаның өтініші негізінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі "Қазақконцерт" Мемлекеттік концерттік ұйымы" РМҚК-на қолданыстағы ғимаратқа жылу желілерін салу бойынша электрондық конкурс өткізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді.
Мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер еткен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының бұзушылықтары 43 213,5 мың теңгеге анықталды, оның ішінде қалпына келтіруге тиіс - 7 034,8 мың теңге.
Азаматтық кодекстің (Ерекше бөлім), "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 60-бабының 1-тармағы талаптарын бұза отырып, құрылыс барысында орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының бекітілген жобалау-сметалық құжаттама талаптарына сәйкес келмеу фактілеріне жол берілген.
Аудит нәтижелері бойынша сома толық қалпына келтірілді. Анықталған бұзушылықтар фактілері бойынша 5 лауазымды тұлғаға 316 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды, олар бюджетке толық төленді.