Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы 9 айдағы аудиторлық іс-шараларының қорытындысы.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 9 айында 99 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның ішінде 2022-2023 жылдарға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес қаржылық есептілік бойынша 7 аудиторлық іс-шара және 8 сәйкестік аудиті іс-шарасы, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштері бойынша 65 сәйкестік аудиті іс-шаралары, 15 бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін және сметалық құнын түзетуге байланысты мәселелер бойынша сәйкестік аудиті іс-шарасы және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректерін тәуекелдерді басқару жүйесін пайдаланып жүргізген мониторинг нәтижелері бойынша 4 сәйкестік аудиті іс-шарасы. Тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 17433,3 мың теңгеге Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасын бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 4221,6 мың теңге бюджетке өтелуге және қалпына келтіруге жатады.

Қабылданған шаралар бойынша 3889,4 мың.теңге қалпына келтірілді және бюджетке өтелді, оның ішінде бухгалтерлік есеп, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету, тауарларды жеткізу арқылы қалпына келтірілгені – 3699,5 мың теңге, бюджетке өтелгені – 189,9 мың теңге.

Аудиторлық іс-шаралар нәтижесінде 29 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 79 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылықтардың негізгі үлесі орындалған жұмыс көлемін асыра көрсетуге, мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзуға, жалақы мен іссапар шығындарын, Бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу қағидаларын бұзуға тиесілі.

Бұзушылықтардың себептері -  лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы, кейбір жағдайларда бухгалтерлердің біліктілігінің төмендігі, қызметкерлердің лауазымдық жалақысын есептеу үшін дұрыс коэффициенті қолданбау, мердігерлердің құрылыс нормаларын сақтамауы, тапсырыс берушiнiң мердiгердiң жұмысына тиiсiнше мониторингi және бақылауы, шарттық мiндеттемелердi тиiсiнше орындамауы.

Мысалы, «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы әкімінің аппараты» ММ-нде бюджет қаражатының пайдаланылуының Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігіне жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 835 548,7 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:

Мекеменің ақшаны уақытша орналастыру бойынша СПВ шотында 1660,4 мың теңге сомасында конкурстық өтінімді қамтамасыз ету үшін енгізген қайтарылмаған қаражат анықталды.

Мердігерге «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы аула аумақтарын абаттандыру» жобасы бойынша жалпы сомасы 115 503,6 мың теңгеге құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау туралы жұмыстың аяқталуы туралы актілері мен растайтын құжаттарсыз төлем жүргізілген. 3 нысан бойынша 5 мердігерге жалпы сомасы 16 884,5 мың теңгеге негізсіз төлем жасалған.

Жалпы сомасы 700 478,6 мың теңгеге 8 футбол алаңын, 106 балалар алаңын орнату жұмыстары жүргізіліп, мекеменің шығындары есебінен шығарылған. Жұмыстан босатылған тұлғалардың дебиторлық берешегі 13 жағдайда жалпы сомасы 246,4 мың теңгені құрап, бухгалтерлік баланста көрсетілмеген және қаржылық есеп беруде жасырылған. 2 іс бойынша жалпы сомасы 667,5 мың. теңге жалақының қайтарым сомасы бюджет кірісіне аударылмаған. 107,7 мың теңгеге 4 жағдайда жалақыны артық төлеу фактілеріне жол берілген.

Қабылданған шаралармен бюджетке жалпы сомасы 2682,0 мың тенге өтелд: жалақыны артық төлеу – 107,7 мың.теңге, жұмыстан босатылған тұлғалардың дебиторлық берешегі – 246,4 мың теңге, еңбекақы қайтарымы 667,5 мың теңге, конкурстық өтінімді қамтамасыз етуге енгізілген қайтарылған қаражат – 1660,4 мың теңге. Бухгалтерлік есеп бойынша 2411 «Аяқталмаған құрылыс» шотына жалпы сомасы 700 478,6 мың. теңгеге балалар ойын және футбол алаңдарын құру шығыстары есептен шығарылған балалар ойын және футбол алаңдары қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, 1 740 938,6 мың теңгеге процессуалдық сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Департаментпен тұрақты негізде заң бұзушылықтар сомасын толық өтеу және қалпына келтіру және кінәлілерді жазалау бойынша заңнамада көзделген барлық шаралар қабылданады.

 

 

Дата публикации
09 ноября 2023
Дата обновления
09 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы