Ағымдағы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 211,8 млрд. теңге сомасына 14 467 мемлекеттік сатып алу рәсімін камералдық бақылаумен қамтып, 46,6 млрд.теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 1740 хабарлама жолдады.
Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде жиі жол берілетін бұзушылықтар әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін жоғары және негізсіз талаптар мен шарттарды белгілеу, сондай-ақ, қатысушылар шеңберін тарылтатын жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілігін айқындайтын, сатып алу нысанасының сипаттамаларын көрсету болып табылады.
Сонымен қатар, талдау көрсеткендей, тапсырыс берушілер тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін таңдауға көбінесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік емес тәсілмен сатып алу жағдайының ерекшелігін растайтын тиісті негізсіз жол беріледі.
Өткен кезеңде Департамент 23,3 млрд.теңге сомасына бәсекелестік ортасыз мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың 392 жағдайының жолын кесті.
Жекелеген жағдайларда, бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды орындамағаны және тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 462-бабының 3-бөлігі бойынша 9 лауазымды адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.