«Еңбекшіқазақ ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай – Мекеме) мен Мердігер ұйымы арасында Алматы облысы Еңбекшіқазақ топтық су тартқышын салу (1-кезек, 2-кезек іске қосу кешені) жұмыс Жобасына қаралған 3 852 177,5 мың теңгенің қаржысын игеруге 2020 жылдың мамыр айында келісім жасалып, 2021 жылдың желтоқсан айында аяқталған.
2022 жылдың желтоқсан айында құны 1 484 584,1 мың теңгенің технологиялық құрал-жабдығын ауыстыру жөнінде «ЖОБА ДИЗАЙН» ЖШС-і тарапынан сараптамалық қорытындысы берілмей толығымен ауыстырылғаны аудиторлық іс-шарада анықталды.
Жүргізілген аудиторлық іс-шара нәтижесінде құны 30 813,1 мың теңгенің Қосалқы су тазарту станциясының желісін орнату жұмыстары Мердігер тарапынан қосымша жүргізіледі.
Алдағы уақытта ҚР 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 20-бабының 11-6) тармақшасына сәйкес шығарылған ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі №304 Б«Бюджет қаражаты және мемлекеттік инвестициялардың өзге де нысандары есебінен объектілерді салуға арналған жобаларды(техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттаманы) қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 16 тармақ талабына сәйкес жұмыс Жобасының негізі болып, табылатын технологиялық құрал-жабдықты ауыстыруда сараптамалық қорытынды жасау міндетті екендігі туралы ескертеміз.