Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылғы 9 айы бойынша жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары

Қостанай облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 9 айы бойынша 86 аудиторлық іс-шара өткізілді, оның барысында 72 аудит объектісі қамтылды, оның ішінде 53 – жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекеме және 33 – кәсіпкерлік субъектілері.

Есепті кезеңде жоспардан тыс тексерулер жүргізілді – 73, соның ішінде:

 - жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – 30;

 - құқық қорғау органдарынан қайта жіберілген өтініштер бойынша-13.

 - жоғары тұрған органдардың қайта жіберілген өтініштер бойынша-10.

 - жоғары тұрған органдардың тапсырмалары бойынша-20.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар 2454397,88 мың теңге сомасында бюджеттік заңнаманы бұзушылықтарды анықтады, оның ішінде:                қаржылық бұзушылықтар – 865962,78 мың теңге және процессуалдық бұзушылықтар – 1588435,1 мың теңге (ағымдағы шығыстар – 535128,5 мың теңге, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдалану саласындағы заңнаманы бұзу 54843,4 мың теңге. теңге, басқа бұзушылықтар 998463,2 мың теңге).

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтау бойынша жалпы сомасы 329028,8 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде мемлекеттік сатып алу нәтижелерін қозғайтындар – 299129,3 мың теңге.

Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша келесі ден қою шаралары қабылданды: 73 ұйғарым жолданды 62 орындалды.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 14 715 339,0 теңге сомасына 1128 хабарлама жіберілді, оның ішінде 13 413 552,0 теңге сомасына 1058 хабарлама орындалды.

 

 

Дата публикации
07 ноября 2023
Дата обновления
07 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы