Абай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен ағымдағы жылдың 9 айында 16 975,7 млн. теңгені қамти отырып, 99 аудиторлық іс-шара өткізілді. Аудит нәтижелері бойынша 897,7 млн. теңгенің қаржылық бұзушылықтары және 6 767,0 млн. теңгенің рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар фактісі анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтар сипаттамасы бойынша жиі анықталатын бұрмалаушылық ол орындалуын/жеткізілуін растамай орындалмаған жұмыстар, атқарылмаған қызметтер, жеткізілмеген тауар үшін бюджет қаражаттарын аудару болып табылады, бұл бұзушылықтар әсіресе құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласының 2 аудан бойынша тапсырыс берушілерінде анықталды. Сондай ақ, жиі кездесетін қаржылық бұрмалаушылықтардың бірі, ол еңбек ақы төлеу кезінде негізсіз жұмысқа шығу табеліне сәйкес келмейтін артық аударымдар мен негізсіз қосымша төлемдер жүргізу болып табылады (10 білім саласының мекемелері, 2 денсаулық сақтау саласының кәсіпорындары, 4 мекеме спорт саласынан және т.б.).
Ал, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар ол мемлекеттік сатып алу заңнамасына қатысты бұрмалаушылықтар, атап айтқанда мемлекеттік сатып алу тәсілін дұрыс таңдамау, негізсіз талаптар қою, жеткізу мерзімін 15 күннен аз қою, жекелеген жеткізушілерге тиесілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсету және т.б.
Қабылданған шаралармен бұзушылықтарды жою туралы 97 нұсқама енгізіліп, оның 84-і уақтылы орындалып 86,5% құрады, атап айтқанда 858,6 млн. теңге өтеліп және жұмыстар/қызметтер қалпына келтірілді, 90 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ 54 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке 9,4 млн. теңгенің айыппұлына тартылды.
Департамент тарапынан қаржылық бұзушылықтарды толық жою бойынша қаржылық бақылау жалғасуда.