Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен анықталған жымқыру фактілері

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті ағымдағы жылы «Павлодар қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылы» КММ-де тексеріс жүргізді, нәтижесінде бас бухгалтер жүйелі түрде және ұзақ мерзімде өзінің жеке картасына бюджет қаражатын аударған, ал жымқырылған  сомма 4,0 млн.теңгеден асып түсті. Жоқ тауарлар бойынша төлем жүргізіп, деректемелерде өзінің жеке банктік шоттарын көрсеткені анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша бас есепші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соттың заңды күшіне енген қаулысы негізінде екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Дәл осындай бұзушылық «Балдәурен» КММ-де анықталды. Аудит қорытындылары нәтижесінде тап солай жоқ тауарлар үшін төлем жүргізіліп, бас бухгалтер деректемелерде өзінің жеке банктік шоттарын көрсетіп, жеке карточкасына 8,0 млн. тенге шамасында бюджет қаражатын аударып алған.

Нәтижесінде бас бухгалтер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, соттың қаулысы негізінде үш жылға бас бостандығынан айырылу жазасы тағайындалды.

Дата публикации
03 ноября 2023
Дата обновления
03 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы