Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың 3 тоқсанында жалпы сомасы 578,46 млрд теңгені құрайтын 23 008 мемлекеттік сатып алу лоттары қаралуға жатты, оның ішінде 550,73 млрд теңгеге 22 562 лот (қамту 98,1%) қаралған.
41,1 млрд.теңге сомасына 2924 лот (13%) бойынша бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 2862 лот бойынша (сомасы 40,7 млрд.теңге) хабарлама жолданды, 2793 хабарлама орындалды, 0,13 млрд.теңге сомасына 9 хабарлама бойынша, орындау мерзімдері өтпеген, 60 хабарлама тиісінше орындалмаған.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігінде көзделген хабарламаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін лауазымды тұлғаларға 120 хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.
Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу саласында заң бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы 32 хаттама толтырылды.
Бұзушылықтардың негізгі түрлері техникалық ерекшеліктерді қазақ тілінде орналастырмау, әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін заңсыз қабылдамау немесе қабылдау, баға ұсыныстарын сұрату арқылы мемлекеттік сатып алу кезінде біліктілік талаптарын (материалдық және еңбек ресурстары біліктілік талаптарын қою), тауар таңбаларын көрсету болып қала береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының ережелерін сақтамай тікелей шарт жасасу, яғни тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бәсекелестік емес тәсілмен сатып алу, сондай-ақ конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына алдын ала талқылау хаттамасында тиісті ескертулер болған кезде тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының Заңды бұза отырып, конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекітуі.