Меню

Страницы

Статья

Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылғы 9 айдағы камералдық бақылау қызметінің қорытындылары

Ұлытау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі - Департамент) а.ж. 9 айда қамтылуға жататын 5 964 лоттың жалпы сомасы 182,9 млрд. теңге, 5 876 лоты (немесе қамтуға жататын лоттардың жалпы санының 98,5%) жалпы сомасы 151,8 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 1 482 лоты бойынша сомасы 20 млрд. теңгеге бұзушылықтар (немесе қамтылған лоттардың жалпы санының 25,2%) анықталды.

Есепті кезеңде 1 469 хабарлама орындалды (немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 99,1%), оның ішінде 13 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталмады, ал орындау мерзімі өткен хабарламалар бойынша Департамент камералдық бақылаудың тиісті ден қою шараларын қабылдады.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 30-бабы  4-тармағы 2, 3)-тармақшаларына сәйкес, камералдық бақылаудың ден қою шаралары: осы Заңның 32-бабында және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік аудит объектілерінің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған кодтары мен шоттары, сондай-ақ банк шоттары бойынша (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) барлық шығыс операцияларын тоқтата тұру.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады.

Мәселен, Департамент хабарламаны тиісінше және уақтылы орындамағаны үшін ағымдағы жылы мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша 53 шығыс операцияларын тоқтатты, бүгінгі күні барлық объектілер бойынша Хабарламаның тиісінше орындалуына байланысты мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен шоттары бойынша шығыс операцияларын қайта жаңартылды.

Сондай-ақ, хабарламаны тиісінше және уақтылы орындамағаны үшін құзыреті шегінде 122 әкімшілік іс қозғалып, салынған және өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы 7 429,5 мың теңгені құрады.

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023
Дата обновления
01 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Талдамалық мақала
22 октября 2026
Павлодар облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері
Ақпарат
22 октября 2026
Бақылау тиімділігі: Алматы қаласындағы аудит нәтижелері
Ақпарат
22 октября 2026
Мемлекеттік аудит нәтижесінде бюджетке 473 910,0 мың теңге қайтарылды

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы