Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 9 айындағы жұмыс қорытындысы

Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2023 жылдың  9 айының қорытындысы бойынша 161 аудиторлық іс-шара жүргізілді, оның ішінде  156 іс-шара жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекетттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін, 5 іс-шара -республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерін қамтиды.

Аудиторлық іс-шаралармен жалпы сомасы 21956,9 млн. теңгеге бюджет қаражаттары және мемлекет активтері қамтылып, жалпы сомасы 21814,5 млн. теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтардың сомасы 2467,5 млн.теңгені және   рәсімдік  бұзушылықтар 19347,0 млн. теңгені құрады.

Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 2467,5 млн. теңге қаржылық бұзушылықтардан 2466,5 млн. теңге (99,9%)  өтелді және  қалпына келтірілді, оның ішінде өтелуге жататыны – 130,5 млн. теңге болса, бюджетке 129,5 млн. теңге (99,2%) өтелді және жалпы сомасы 2337,0 млн. теңгеге  тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету  арқылы қалпына   келтірілді.

2023 жылдың 9 айында камералдық бақылаумен 463467,5 млн. теңгенің  16274 лоты мен жоспар  тармақтары (қамту 98,5%  құрайды) қамтылды, 2848 лот бойынша 43622,7 млн.теңгеге бұзушылықтар  аңықталды.

Департамент тарапынан есепті кезеңде 79 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 19,0 млн. теңге сомасына әкімшілік жаза салынды және ол толығымен  бюджетке өндірілді.

Сондай-ақ  ағымдағы жылдың аудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 135 лауазымды  тұлға  тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға  атқаратын лауазымынан босатылды.

 

 

Дата публикации
01 ноября 2023
Дата обновления
01 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы