Меню

Страницы

Статья

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті қызметінің 2023 жылдың 9 айындағы қорытындысы

Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінде (бұдан әрі - Департамент) 2023 жылдың 9 айында 79 аудиторлық іс-шара өткізілді,  нәтижесінде анықталған бұзушылықтар сомасы 158 844 440,4 мың теңгені құрады, оның ішінде:

- қаржылық бұзушылықтар 51 809 006,23 мың теңге;

 - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 107 035 434,2 мың теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу 13 432 016,6 мың теңге.

Есепті кезеңде Департамент қабылданған ден қою шараларының нәтижелерінде бухгалтерлік есепте көрсетілгендей, жұмыстарды, қызметтерді орындау және тауарларды жеткізу арқылы бюджетке 50 854 809,3 мың теңге. қайтарылды.

Жүргізілген бақылау іс-шаралары нәтижесінде 5 аудит материалдары құқық қорғау органдарына жолданып, сот органдарына қарастыруға түсті және 3 қылмыстық іс бойынша аудит объектілерінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкімдер шығарылды.

Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 82 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі тұлға лауазымдардан босатылды және бюджет кірісіне толық өндіріп алынған 69 448,5 мың теңге сомасына 557 әкімшілік іс қозғалды.

Мемлекеттік аудит объектілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасы нормаларының сақталмауы Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының бюджеттік бағдарламаларында көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қолжеткізуге бағдарланған бюджетті әзірлеу мен орындаудың, ақша қаражатын оңтайлы және тиімді пайдаланудың бұзылуына әкеліп соқты, бюджет қаражатының бекітілген көлемін пайдалана отырып, ең жақсы тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу немесе бюджет қаражатының аз көлемін пайдалана отырып, тікелей және түпкілікті нәтижеге қол жеткізу, сондай-ақ мемлекет активтері мен квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану қажеттілігін негізге ала отырып, бюджетті әзірлеу және атқару тиіс.

Аудит объектілерінің тиімділігін арттыру және қызметін жетілдіру мақсатында, квазимемлекеттік сектор мекемелері мен субъектілерінің басшыларына бұзушылықтарды болдырмау үшін алдын алу шараларын қабылдау, мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдаланудың ашықтығын, тиімділігін, жауапкершілігін арттыру үшін ішкі бақылау жүйесін ұйымдастырудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жіберілді.

 

Дата публикации
01 ноября 2023
Дата обновления
01 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы