Меню

Страницы

Статья

ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың 9 айына аудиторлық қызметінің қорытындылары

2023 жылдың 1 жартыжылдығында ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік аудиторларымен бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді және олардың басым бөлігі уақтылы жойылды.

Есепті кезеңде Департаментпен 62 аудиторлық іс – шара, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 18 іс-шара, басқа негіздемелер бойынша - 44 іс-шара өткізілді.

Аудиторлық  іс-шаралардың қорытындысы бойынша 47713,9 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 140568,3 млн. теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Өтеуге және қалпына келтіруге жататын 1000,9 млн.теңге бұзушылықтар сомасынан жалпы 50,3% немесе  503,0 млн. теңге өтелді  және қалпына келтірілді,  қалдықтар 497,9 млн.теңгені құрады, олар бойынша нұсқама мерзімдері келген жоқ және сот процестері жүргізілуде. Орындалмаған 16 нұсқаманың 5-і бойынша есепті күнге орындалу мерзімі келген жоқ, 11 нұсқама бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.

Аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен 4,4 млн.теңге сомасына айыппұл салумен 24 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар бюджет кірісіне толығымен өндірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 56 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.

Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 6 материал берілді.

Ағымдағы жылдың 9 айында 211769,59 млн. теңге сомасына 14467 Мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды.

Нәтижесінде, 1740 жағдайда 46219,16 млн. теңге сомасына бұзушылықтарды жоюға хабарламалар жіберілді.

Кейбір жағдайларда хабарламаларды тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 12 әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ, бір объект бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру қабылданды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
31 октября 2023
Дата обновления
31 октября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы