Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 9 айында 70 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 14 144,3 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 7823,5 млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 7040,5 млн.теңге және қаржылық бұзушылықтар сомасы 783,0 млн.теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталмауынан жалпы сомасы 1412,0 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Есепті кезеңде камералдық бақылаумен 11475 мемлекеттік сатып алулар қамтылып, олардың нәтижесімен жалпы сомасы 35654,9 млн.теңгенің 2987 мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар бойынша хабарламалар жіберіліп, толықтай орындалды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 411 лауазымды тұлғаға жалпы сомасы 19,9 млн.теңгеге айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 72 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Департаментке 2167 өтініш түсті, Заңда көзделген мерзімде қаралып, өтініш берушілерге жауаптары берілді.