Меню

Страницы

Статья

«Елес» жеке балабақшалар анықталды

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне келіп түскен жеке тұлғалардың өтініштері негізінде «ҚР Білім басқармасының Алматы облысы Іле аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізді. Сондай-ақ тексеру барысында жалған түрде құрылған іс жүзінде жұмыс істемейтін және тіркеу орнында жоқ 9 «елес» балабақшасының фактілері анықталды. Іле ауданы бойынша 2023 жылдың бірінші тоқсанында анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 118 679,1 мың теңгені құрады.              

Материалдарды талдау кезінде жекеменшік балабақшалардың санының жылдам өсуі кейінгі жылдары көрінуде. Алайда қолында ақшасы, байланысы бар және жеке басының мүддесін көздейтін адамдар тобы, адал бәсекелестерді нарықтан ығыстырып, халықтың болашаққа деген сенімін төмендетуде. Іс жүзінде жоқ, бірақ қағаз жүзінде балабақшалардың саны түсініксіз бір жүйемен жүргізілуде.           

Жалған қызмет көрсетуші балабақшалар, баланы есепке алу парағына заңсыз төлем алу мақсатында, әдейі бала санын көбейтіп, жалған ақпараттар көрсеткен. Одан кейін мемлекеттік тапсырыс орындаушы-балабақшалар, білім бөлімінің есеп бөлімі жалған жекеменшік балабақшалардың банктегі есеп шотына төлем аударып, ақырында сол ақша жеке мақсатта бейберекет басқа мақсатқа жұмсалуымен аяқталады.

Тексеру қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (құзырлылығы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне берілді) Іле ауданындағы білім бөлімінің және жекеменшік 9 балабақшаның лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Дата публикации
25 сентября 2023
Дата обновления
25 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы