Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне келіп түскен жеке тұлғалардың өтініштері негізінде Алматы облысы «Қарасай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу нәтижесінде келесі заң бұзушылықтар анықталды.
2023 жылғы 4 қаңтардан 26 қаңтарға дейінгі аралықта «Қарасай аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жекеменшік 178 балабақшасына қызмет көрсету кезінде келісім шарттсыз азаматтық және бюджеттік заңнамалық актілерне қарама-қайшы 447 461,7 мың теңге көлемінде төлем жасалған.
Сондай-ақ, тексеру барысында мемлекет тарапынан қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру тапсырыстары бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтерін көрсетушілер іс жүзінде жұмыс істемейтін және тіркелген жері бойынша жоқ, «елес» балабақшаларды ресми түрде есепке алу және ашу фактілері анықталды.
Жекеменшік балабақшалар ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабын бұза отырып 3 272,5 мың теңгеге есепке алу парақтары мен көрсетілген қызмет туралы анықтамаларға жалған мәліметтер енгізген. Жекеменшік 6 балабақшада балалардың есепке алу парақтары бойынша бір бала бір мезгілде бірнеше балабақшада болу фактілерінің қайталануы анықталды.
Қарасай ауданы бойынша анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 494 643,3 мың теңгені құрады.
Тексеру қорытындысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі (құзырлылығы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне берілді) білім басқармасының және жекеменшік балабақшалардың лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғады.