Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне түскен жеке тұлғалардың өтініштері негізінде «Алматы облысы білім басқармасының Жамбыл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізілді. 2022-2023 жылдар аралығында жекеменшік балабақшалар аудандық білім бөлімімен жасалған келісім шарттарға сәйкес, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балаларды қабылдаулары тиіс болатын.
2023 жылғы 4 қаңтардан 6 қаңтарға дейінгі аралықта «Жамбыл аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі жекеменшік 94 балабақшасына қызмет көрсету кезінде келісім шарттсыз азаматтық және бюджеттік заңнамалық актілерне қарама қайшы 45 893,7 мың теңге көлемінде төлем жасалған
Қорытынды бойынша Алматы облысы Жамбыл ауданындағы 29 жекеменшік балабақшаларға мектепке дейінгі тәрбиемен қамтудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша қабылданған балалар санына қарай 32 197,9 мың теңге сомасында белгіленді. Тексеру барысында мектеп жасындағы мектепке барып жүрген балалар әлі күнге дейін балабақша тізімінде тұрғаны белгілі болды. Осындай оқиғалардың қайталану фактілері де бар, онда балабақшаға келу туралы есебі бойынша бір бала, бір мезгілде бірнеше балабақшаға барған. Жекеменшік балабақшалардың басшылығы міндеттемелерінің толық орындалғаны туралы «мұқият» есеп беріп, үнемі жалған ақша алып отырған. Сол сияқты жекеменшік балабақша тәрбиеленушілерінің арасында балабақшаға бір ай, тіпті одан да көп уақыт келген «елес» жандар бар екені белгілі болды.
Сауалнамаға сәйкес тексеру материалдары заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік департаментіне жіберілді.