Меню

Страницы

Статья

«Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану аудиті

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес, «Алтай ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де 2021 жылғы 01 шілдеден бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін Қазақстан Республикасының Бюджет және өзге де заңнамасына сәйкес пайдалану мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді.

Аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 536,4 мың теңгеге еңбекақыны, сыйлықақыларды және іссапар шығыстарын негізсіз төлеу бөлігінде қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Бұдан басқа, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы бұзу, бюджеттік бағдарламада көзделген нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан нысаналы трансферттерді тиімсіз жоспарлау және пайдалану анықталды.

Аудит объектісі 536,4 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтарды жойды.

Жіберілген бұзушылықтар үшін Мекеменің бас маман -бухгалтері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Дата публикации
21 сентября 2023
Дата обновления
21 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы