Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау қорытындылары

Ағымдағы жылдың 8 (сегіз) айында  Батыс Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті тәуекел бейіндерін негізге ала отырып, 15 307 мемлекеттік сатып алуларға (лоттар) камералдық бақылаумен қамтылды.

Камералдық бақылау нәтижелерімен 19,0 млрд.теңге сомасында анықталған бұзушылықтарды жою туралы аудит нысандарына 2656 хабарлама жолданды.

Камералдық бақылаудың мақсаты бұзушылықтардың уақтылы жолын кесу және жол бермеу, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өз бетінше жою құқығын мемлекеттік аудит объектісін беру және мемлекеттік аудит объектілеріне әкімшілік жүктемені төмендету болып табылады.

Анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісі дербес жойған кезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.

Бірақ бұл ретте, хабарламаны орындамау Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігімен көзделген әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескеру қажет.

Нақты айтқанда тапсырыс берушілер/ұйымдастырушылар келесі бұзушылықтарға жол береді,  олар: әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін негізсіз біліктілік талаптарын белгілеу, мемлекеттік сатып алуды жариялау кезінде техникалық ерекшелікте ұлттық стандарттардың болмауы, конкурстық комиссияның әлеуетті өнім берушілердің конкурстық/аукциондық өтінімдерін қабылдауы немесе қабылдамау туралы шешімді негізсіз қабылдаулары болып табылады.

Дата публикации
20 сентября 2023
Дата обновления
20 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы