Меню

Страницы

Статья

Қостанай облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары

Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Департаменттің мемлекеттік қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлық қызметінің алдын алуға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолданудың тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде:

  • Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған қызметкерлердің ұлттық қауіпсіздік органдарында арнайы тексеруден міндетті түрде өтуі;
  • "сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы"Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді қабылдау бойынша жазбаша міндеттемелерді ресімдеу;
  • Департамент қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті өткеру кезеңінде пайдалануы табыс алуға әкеп соғатын мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қажеттілігі туралы жазбаша хабарламалар беру.
  • қызметкерлерді Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларымен)таныстыру;

"Костанайские новости" газетінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері туралы азаматтардың хабарлау мүмкіндігі үшін сенім телефоны орналастырылған. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі қарастырылған.

Жыл сайын мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде мемлекеттік қызметке жаңадан кіргендердің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны уақтылы тапсыру бойынша жұмыс жүргізіледі. 2023 жылы барлық қызметкерлер мен олардың жұбайлары 270.00 нысанындағы кірістер мен мүлік туралы декларацияны ұсынды.

Департамент басшылығы қабылдау кестесіне сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдайды.

Аудиторлық іс-шаралар басталар алдында Департамент қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша тұрақты негізде нұсқама жүргізіледі.

2023 жылғы 14 қыркүйектегі жағдай бойынша 75 нұсқама өткізілді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жұмыс тобы жарты жылда бір рет сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізеді.

 

 

Дата публикации
20 сентября 2023
Дата обновления
20 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы