Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін негізге ала отырып, «Астана қаласы әкімдігінің Қ.Ақышев атындағы № 69 гимназиясы» КММ-де (бұдан әрі – Мекеме) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселесі бойынша сәйкестік аудитін жүргізді.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит негізінде жалпы сомасы 311 221,3 мың теңгені құрайтын бұзушылықтар, оның ішінде 283 036,3 мың теңге қаржылық бұзушылықтар және 28 185,0 мың теңге процедуралық бұзушылықтар анықталды:
Өткен жылдардағы уақтылы тиісті шаралар қабылданбаған дебиторлық берешек сомасы 30,3 мың теңге.
Жалақының артық төленгені 260,8 мың теңге.
2022 жылы жалпы сомасы 2 748,9 мың теңгені құрайтын тауарлық-материалдық құндылықтар 2300 «Негізгі құралдар» шотында негізсіз көрсетілген. Осылайша, 01.01.2023 жылғы бухгалтерлік есеп бойынша негізгі құралдардың құны негізсіз көтерілген.
Тұрақты жер пайдалану құқығына берілген 279 996,3 мың теңгені құрайтын жер телімі актив ретінде танылмаған.
Жалпы сомасы 17 000,0 мың теңгені құрайтын негізгі құралдарға инвентарлық нөмірлер берілмеген.
Жалпы сомасы 11 185,0 мың теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу қорытындысына әсер етпеген бұзушылықтар анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша Мекемеге анықталған бұзушылықтарды жою және оған жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы ұйғарымы жолданып, бюджетке 291,1 мың теңге өтеліп, тиісті түзетуші бухгалтерлік анықтамалармен 282 745,2 мың теңге қалпына келтірілді.
Сонымен қатар, Мекеменің лауазымды тұлғасына қатысты Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ӘҚБтК-нің 238-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.