Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік мекемелердегі қаржылық есеп беру аудитінің стандарттары

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы №392-V «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 14-бабының 1-тармағына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің және мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептілігіне жыл сайынғы аудитті жүргізеді.

Аудитті ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген қаржылық есептілік аудитінің рәсімдік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады, оның мақсаты: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң және мемлекеттiк мекемелердiң қаржылық есептiлiгiнiң дұрыстығын дәлелдi растауболып табылады.

Қаржылық есептіліктің аудиті нәтижесі қаржылық бұзушылықтарды жедел алдын алу, оларды анықтау және қаржылық есептілік бекітілгенге дейін жою болып табылады.

Бүгінгі таңда қаржылық есептіліктің аудиті, халықтың мемлекетке деген сенімін арттырудың алғышарттарын жасайтын Үкімет құралдарының бірі болып табылады.

Қаржылық есептiлiктің аудитiнiң нәтижелерi бойынша Үкiмет және одан да басқа мүдделi тұлғалар шынайы қаржылық есептiлiк алады, бұл оларға бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң қаржылық жағдайы туралы толық ақпаратпен қамтамасыз етiлуге мүмкіндік береді.Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өздері де аудит жүргізуге мүдделі, өйткені қаржылық есеп беру ақпаратының сенімділігін растау инвестициялық және басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет.

Аталмыш заңдар аясында, Алматы қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап 2023 жылдың наурыз айына дейін 5 бюджеттік бағдарлама әкімшілерінде қаржылық есептіліктің аудиті жүргізілді, атап айтқанда "Алматы қаласының мәдениет басқармасы" КММ, "Алматы қаласының құрылыс басқармасы" КММ, "Алматы қаласының қалалық мобильдік басқармасы" КММ, "Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" КММ, "Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" КММ.

Бұдан басқа, осы бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне бағынышты, баланс валютасының жалпы соммасы 8,5 млрд.теңгені құрайтын мекемелерде 14 үстеме тексеру жүргізілді.

Аудит барысында 90,2 млрд.теңге сомасында бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау тәртібін бұзушылықтар анықталды, оның ішінде 49,5 млрд.теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар және 40,7 млрд.теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Сондай ақ, тексерілген объектілерге тиісті ұсыныстар берілді.

Аудит қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен бюджет кірісіне 342,7 млн.теңге өтелді және есепке алу бойынша 49,2 млн.теңге қалпына келтірілді.

Сондай-ақ анықталған бұзушылықтар бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар жіберілді және бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға тәртіптік жазалар қолданылды.

 

 

Дата публикации
11 сентября 2023
Дата обновления
11 сентября 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы