Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары

Астана қаласы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында бюджет қаражатының пайдаланылуына ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бойынша негізгі функцияларды іске асыру мақсатында 56 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында елорданың 56 нысаны аудитпен қамтылды, оның ішінде жоспарлы тексерулер саны 16 немесе 29% құрайды.

Тексерулердің жалпы санының 40 немесе 71% келіп түскен өтініштер бойынша, құқық қорғау органдарының сұрау салулары бойынша, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың тапсырмасы бойынша заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулерге келеді.

Белгіленген қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 1 110 614,4 мың теңгені құрады, оның ішінде 210 225,6 мың.теңге - бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзу, 900 388,8 мың.теңге - бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жасау талаптарын бұзу.

Бұдан басқа, 12 526 160,7 мың.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзушылықтары анықталды

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтаудан, жолын кесуден және оған жол бермеуден басқа, бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша барлық ұйымдардың орындауы үшін міндетті болып табылатын анықталған бұзушылықтарды жоюға ұсыныстар жіберіледі.

Осылайша, аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша қабылданған шаралармен 767 939,3 мың.теңге қалпына келтірілді және өтелді, оның ішінде кәсіпорынның шотына ақша қаражатын қалпына келтіру жолымен қалпына келтірілді, жұмыстар мен қызметтер орындалды, сондай-ақ 734706,2 мың.теңге сомасына тауарлар жеткізілді және бюджет кірісіне -33233,1 мың.теңге өтелді.

Құқық қорғау органдарына 4 аудит материалдары берілді, 3 материал бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 796 375,0 мың.теңгеге аудит объектілерінің 256 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның 23192625,0 мың.теңге (97,5%). бюджет кірісіне өндірілді. 

Аудит объектілері Департаменттің аудит нәтижелері бойынша 41 лауазымды тұлғаны тәртіптік жауапкершілікке тартты.

Біз тексерген бірқатар мемлекеттік аудит объектілерінің, мемлекеттік мекемелер мен бюджет қаражатын алушылардың қызметі бюджет қаражатының тиісті дәрежеде пайдаланылуын қамтамасыз етпейді.

Аудитке ұшыраған барлық салаларда - құрылыста, денсаулық сақтауда, мәдениетте, білім беруде бұзушылықтарға жол берілген.

Осылайша, Мекеменің бұрынғы бухгалтері Астана қаласы әкімдігінің «№14 мектеп-гимназиясы» КММ жүргізген аудитпен мектеп басшысы бекіткен 2019-2020 оқу жылына арналған тарифтік тізімге сәйкес, 2 405,3 мың теңге сомаға нормативтік оқу жүктемелері бойынша жалақы артық жоспарланып, есептеліп, берілді.

Сондай-ақ, 2 (екі) оқытушыға жалпы сомасы 1 196,5 мың.теңге құқыққа сыйымсыз берілген санат үшін негізсіз төлем жүргізілді.

Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театрлары» КҚММ

Кәсіпорын 2020-2021 жж. жалпы сомасы 6 510,0 мың. теңге (2020 жылға 4 299,0 мың. теңге және 2021 жылға 2 211,0 мың.теңге) пайдаланылмаған трансферттерді қайтару жүргізілмеген.

2019-2020жж. жалақы түрінде жалпы сомасы 2 883,3 мың.теңге (2019 жылы 2 662,8 мың. теңге және 2020 жылы 220,5 мың. теңге) қолма-қол ақша қаражатын төлеу негізсіз жүргізілді

Сондай-ақ, кәсіпорын 2019-2021жж. Штаттық кестесінде штаттан тыс және штаттық бірліктер болған, типтік штат бойынша жалпы сомасы 32 874,7 мың.теңге (2019 жылы 10 818,3 мың.теңге, 2020 жылы 13 103,1 мың теңге және 2021 жылы 8 953,3 мың теңге) қарастырылған.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі іс жүзінде мекеме нысаналы трансферттер сомасын мақсатқа сай пайдаланбаған және жалпы сомасы 3 966,9 мың.теңге пайдаланылмаған трансферттерді қайтару жүргізілмеген.

Бұдан басқа, жалпы сомасы 77 654,2 мың.теңге болатын жер учаскелері актив ретінде танылмаған.

Астана қаласы әкімдігінің «№10 қалалық емхана» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу жүйесі туралы ережені бұза отырып, Кәсіпорынның қызметкерлеріне негізсіз есептелді және қызмет көрсету аймағын кеңейту үшін жалпы сомасы 3 332,7 мың.теңге қосымша ақы төленді.

Сондай-ақ, Кәсіпорын бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептерде (бухгалтерлік баланс) жер учаскесінің құны 110 309,6 мың.теңге сомасында көрсетілмеген, бұл 2019 - 2021 жылдардың есепті кезеңдеріндегі жылдық бухгалтерлік баланстың бұрмалауға әкеп соқтырды.

«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне аудиторлық іс-шарамен ҚР Бюджет кодексінің 97-бабы 6-тармағының талаптарына қайшы келген жағдайда, тараптардың өз шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамауы салдарынан Мекеме нақты орындалған жұмыс көлемінің жалпы сомасы 81 556,5 мың.теңге болатын 6 құрылыс объектісі бойынша ақы төлеуге қабылданған көлемнен ауытқу фактілеріне жол берді.

 

Бұдан басқа, ҚР Бюджет кодексінің 4-бабы 12-тармағының талаптарын бұза отырып, «Есіл» ауданы әкімдігі бұрын пайдалануға қабылданған екі ЖТК (тұрғындардың шағымдары) аулалық абаттандыру элементтерін кейіннен қайта жасаудың нәтижесінде Мекеме жалпы сомасы 97 010,4 мың. теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдалануға жол берді. Анықталған бұзушылықтардың негізгі себептері кадрлардың «тұрақтамауы», аудит объектілері мамандарының жеткіліксіз кәсіби деңгейі және олардың басшыларының төмен жауапкершілігі болып табылады. Бұл бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері тарапынан тиісті бақылаудың болмауына да үлкен дәрежеде байланысты.

Дата публикации
23 августа 2023
Дата обновления
23 августа 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы