Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында 17 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 2 аудиторлық іс-шара бекітілген тізбеге сәйкес, 15 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша жалпы сомасы 1 млрд. 255 млн. теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 1 млрд. 214 млн. теңге сомасында бюджеттік және өзге де заңнаманы бұзушылықтар немесе 96,7% және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар 41,3 млн. теңге немесе белгіленген бұзушылықтардың жалпы сомасынан 3,3% анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасынан – 863,3 млн. теңге (мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар сомасынан басқа, анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасының 71,1%-ы), оның ішінде 816,0 млн. теңге (немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 94,5%-ы) қалпына келтіруге және бюджетке өтеуге, сондай-ақ бюджетке өтеуге – 47,4 млн.теңге (немесе қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасының 5,5%) жатады.
Есепті кезеңде қабылданған ден қою шараларымен Департамент 814,0 млн. теңге немесе 94,3% қалпына келтірді және бюджетке өтелді, оның ішінде 805,8 млн. теңге (немесе қалпына келтіруге және көрсетуге жататындардың 98,8%) есепке алу бойынша қалпына келтірілді және көрсетілді, 8,2 млн. теңге (немесе өтеуге жататындардың 17,3%) мөлшерінде негізсіз пайдаланылған қаражат бюджетке өтелді.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға және жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау туралы жолданылған нұсқамалар негізінде, мемлекеттік аудит объектілерінің 13 жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасы әртүрлі заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін мемлекеттік аудит объектілерінің жауапты лауазымды тұлғаларына қатысты әкімшілік іс жүргізу қозғалды және әкімшілік құқық бұзушылық туралы 59 хаттама жасалды, онда салынған айыппұлдың жалпы сомасы 6,4 млн.теңгені құрады, олар бюджет кірісіне толық көлемде өндіріп алынды.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қамтылуға жататын 4 879 лоттың жалпы сомасы 132,8 млрд. теңге, 4 806 лоты (немесе қамтуға жататын лоттардың жалпы санының 98,5%) жалпы сомасы 127,1 млрд. теңгеге камералдық бақылаумен қамтылып, оның 1 255 лоты бойынша сомасы 16,9 млрд. теңгеге бұзушылықтар (немесе қамтылған лоттардың жалпы санының 26,1%) анықталды.
Есепті кезеңде 1 183 хабарлама орындалды (немесе жіберілген хабарламалардың жалпы санының 94,2%), оның ішінде 58 хабарлама бойынша орындау мерзімі басталмады, ал орындау мерзімі өткен хабарламалар бойынша Департамент камералдық бақылаудың тиісті ден қою шараларын қабылдады.