Меню

Страницы

Статья

«Шығыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ 2022 жылға қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

2023 жылы 5 494 635,9 мың теңгеге шоғырландырылған қаржылық есептілікті қамти отырып, "ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ-де 2022 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша іс-шаралар аяқталды.

Нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметіндегі бірқатар жүйелік олқылықтар анықталды, олар жалпы басқарманың да, ведомстволық бағынысты мекемелердің де шоғырландырылған қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеп соғады.

Анықталған ауытқулар мен қателіктердің жалпы сомасы 45 670,6 мың теңгені құрады, оның ішінде 313,8 мың теңге сома бюджет кірісіне өтелуге (аударылуға) жатады, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу арқылы 814,175 мың теңге сома қалпына келтіруге жатады, есепке алу бойынша көрсету арқылы 44542,6 мың теңге сома қалпына келтіруге жатады. Сондай-ақ 440478,62 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.

Басқарма және оның ведомстволық бағынысты мекемелері шоғырландырылған қаржылық есептілік (негізгі құралдар, қорлар, материалдық емес активтер) бекітілгенге дейін бухгалтерлік есепте және өзінің қаржылық есептілігінде анықталған ауытқуларды жою және түзету жөнінде шаралар қабылдады. «Самар орман шаруашылығы» КММ бас бухгалтері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша, қаржылық есептілікті бекіту сәтіне дейін оларды анықтау және жою арқылы қаржылық бұзушылықтардың уақтылы және жедел алдын алу қамтамасыз етілді, бұл бухгалтерлік есепте қателер мен бұрмалануларды уақтылы жоюға ықпал етеді және мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасымен регламенттелген алдын алу қағидаттарына сәйкес келеді.

Басқарманың атына ішкі бақылау жүйесін күшейту туралы тиісті ұсыным жолданды. Қазіргі уақытта ден қою шараларын толық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

 

Дата публикации
16 августа 2023
Дата обновления
16 августа 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы