Меню

Страницы

Статья

«Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ 2022 жылға қаржылық есептілік аудитінің нәтижелері

2023 жылы 2,0  млрд теңгеге шоғырландырылған қаржылық есептілікті қамти отырып, «ШҚО мәдениет басқармасы» ММ-де 2022 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша іс-шаралар аяқталды.

Нәтижесінде мемлекеттік органдар қызметіндегі бірқатар жүйелік олқылықтар анықталды, олар жалпы басқарманың да, ведомстволық бағынысты мекемелердің де шоғырландырылған қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеп соғады.

Анықталған ауытқулар мен қателіктердің жалпы сомасы 1088,3 млн.теңгені, сондай-ақ рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 62,1 млн. теңгені құрады, оның ішінде 1088,3 млн. теңгесі есепке алу бойынша сәйкес келтіруге жатады. Басқарма және оның ведомстволық бағынысты мекемелері шоғырландырылған қаржылық есептілікті бұрмалауға әкеп соққан анықталған дебиторлық/кредиторлық берешектерді қоспағанда, шоғырландырылған қаржылық есептілікті (негізгі құралдар, қорлар, материалдық емес активтер) бекіткенге дейін бухгалтерлік есепте және өзінің қаржылық есептілігінде анықталған ауытқуларды жою және түзету жөнінде шаралар қабылдады, бұл 86,25 мың теңге айыппұлмен Басқарма қызметкерінің әкімшілік жауаптылығына әкеп соқтырды.

 Осылайша, қаржылық есептілікті бекіту сәтіне дейін оларды анықтау және жою арқылы қаржылық бұзушылықтардың уақтылы және жедел алдын алу қамтамасыз етілді, бұл Бухгалтерлік есептегі қателер мен бұрмалануларды уақтылы жоюға ықпал етеді және мемлекеттік аудитті енгізу тұжырымдамасымен регламенттелген алдын алу қағидаттарына сәйкес келеді.

Басқарманың ішкі бақылау жүйесін күшейту, қаржы қызметінің қызметкерлері үшін бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілікті жасау саласындағы біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық есептіліктің мемлекеттік аудитінің қорытындыларын қарау жөнінде шаралар қабылдау және есептің қайта бұзылуына әкеп соқпау туралы ұсынымдар жіберілді.

Дата публикации
16 августа 2023
Дата обновления
16 августа 2023
Тип
Талдамалық мақала

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы