2022 жылға арналған қаржылық есептілік аудиті бойынша «ШҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ бойынша іс-шаралар 2023 жылы аяқталды.
Анықталған ауытқулар мен қателіктердің жалпы сомасы 180 295,5 млн. теңгені құрады, оның ішінде: бюджет кірісіне қайтарылуға жататын қаржылық бұзушылықтар 16,0 млн. теңге (7,8 млн. теңге сомасына ЖЖМ жетіспеушілігі, 4,9 млн. теңге сомасына іссапар шығындары бойынша артық төлем сомаларын есепті тұлғалардан ұстамау, жалақы бойынша артық төлем – 3,5 млн. теңге) есепке алу бойынша көрсетілуге жататыны - 44 805,1 млн. теңге (негізінен қаржылық инвестицияларды, аяқталмаған құрылысты және т. б. есепке алу бойынша бұзушылық), сондай-ақ 135 474,4 млн.теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар.
Басқармамен аудит барысында бухгалтерлік есепте және өзінің қаржылық есептілігінде анықталған ауытқуларды жою және түзету жөніндегі шаралар қаржылық есептілік бекітілгенге дейін қабылданған жоқ.
Осыған байланысты, бухгалтер әкімшілік жауапкершілікке тартылды (86,25 мың теңге айыппұл сомасы 21.04.2023 ж. түбіртекпен төленді).
Ден қою шараларын қабылдау бойынша жұмыс аяқталған жоқ.