Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 52 аудиторлық іс-шара өткізді, оның ішінде 4 аудиторлық іс-шара Ішкі мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес және 48 жоспардан тыс аудиторлық іс-шара.
Тексеру қорытындысы бойынша жалпы сомасы 62 834,5 млн.теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 23 089,9 млн. теңгені, рәсімдік бұзушылықтар – 39 744,6 млн. теңгені құрайды. Өтеуге – 879,5 млн.теңге, қалпына келтіруге – 3080,5 млн. теңге, есепке алу бойынша көрсетуге – 19 129,9 млн. теңге жатады. 2023 жылғы 26 маусымдағы жағдай бойынша бюджетке – 164,9 млн. теңге өтелді; қалпына келтірілді- 1 109,9 млн.теңге; есепке алу бойынша көрсетілді -19 102,1 млн. теңге.
Есепті күнге орындау мерзімі 32 ұйғарым бойынша келді, оның ішінде 29 ұйғарым орындалды.
Есепті кезеңде аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша 30 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде көзделген жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 14 274,2 мың теңгеге айыппұл түрінде 160 әкімшілік жаза қолданылды, 14 187,9 мың тенге өндірілді.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша жалпы сомасы 348,81 млрд.теңгеге 11714 лот қамтылды және камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 71,6 млрд. теңге сомаға 2261 хабарлама жіберілді.