Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылдың 1 жартыжылдығында 47 аудиторлық іс-шара жүргізді.
Аудиторлық іс-шаралар жүргізу барысында 7 819,8 млн.теңге қамтылып, жалпы сомасы 2 919,9 млн.теңгенің бюджет заңнамасының бұзушылықтары анықталды, оның ішінде: рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар сомасы 2 214,9 млн.теңге және қаржылық бұзушылықтар сомасы 705,0 млн.теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шаралар қорытындысымен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының сақталмауынан жалпы сомасы 827,7 млн.теңгенің бұзушылықтары анықталды.
Есепті кезеңде камералдық бақылаумен 7524 мемлекеттік сатып алулар қамтылып, олардың нәтижесімен жалпы сомасы 25 816,4 млн.теңгенің 2206 мемлекеттік сатып алуларда анықталған бұзушылықтар бойынша хабарламалар жіберіліп, толықтай орындалды.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес 256 лауазымды тұлғаларға жалпы сомасы 10,3 млн.теңгеге айыппұл салынып, толықтай бюджетке өндірілді.
Жіберілген бұзушылықтар үшін 49 лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.