Комитет пен аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит Департаменттері Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсету бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізеді.
2023 жылдың басынан бері 38 мемлекеттік қызметшіге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бірінші жартыжылдықта Қарағанды облысы бойынша ІМАД-нің қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін департаменттің жетекші маманы қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды (26.01.23 жылғы №4 бұйрық)
Комитет және департаменттердің мемлекеттік қызметшілерінің ("Одноклассники", "Мой мир", "ВКонтакте", "Facebook", "Instagram") аккаунттарына тоқсан сайын мониторинг жүргізіледі. Мониторинг нәтижелері бойынша қоғам тарапынан мемлекеттік қызметшінің беделін түсіретін аккаунттар, мәліметтер анықталған жоқ.
Тоқсан сайын мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтау мақсатында әдеп жөніндегі уәкілдер анонимді сауалнама жүргізеді, оған Комитет пен Департаменттердің барлық мемлекеттік қызметшілері қатысады. Сауалнама қорытындысы бойынша ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуал тұрақты екені анықталды.
Аумақтық департаменттерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен аумақтық департаменттерде келесі семинарлар өткізілді:
- Департаменттерде қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы.
- Ведомство қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы әдеп Кодексі мен заңнамасын сақтау бойынша түсіндірме семинар-дәріс
- Департамент қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы акцияны түсіндіру.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі қағидаттары бойынша Семинар.
- Департамент қызметкерлерімен Әдеп кодексінің нормалары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қызметшілердің анттарын қабылдау рәсімін өткізу туралы.
- Департамент қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бойынша түсіндіру жұмыстары.
- Департамент қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы заң талаптарын және Әдеп кодексінің нормаларын сақтау қажеттілігі туралы.
- Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын бірінші кезекте қолдану бойынша Семинар.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау бойынша Семинар.
- Әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы бойынша Департамент қызметкерлеріне, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы түсіндіру жұмыстары.
-Әдеп жөніндегі Уәкілдің мемлекеттік қызмет этикасы стандарттары департаментінің қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі туралы * "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" семинар өткізу.
- Сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы
Тексерулер жүргізу кезінде Әдеп жөніндегі Уәкілдің мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаттарын сақтау туралы.
2023 жылдың І жартыжылдығында Әдеп жөніндегі уәкілдердің жұмысы бойынша барлығы 17 бейнесюжет пен радиоматериал орналастырылды.