Департаментпен 2023 жылдың бірінші жарты жылдығында камералдық бақылауға тиесілі 10 089 мемлекеттік сатып алу рәсімінің 10 321-і немесе 97,8 пайызы қамтылды.
Камералдық бақылау аясында анықталған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырудағы жиі кездесетін бұзушылықтар:
«Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге мемлекетаралық стандарттар болмаған кезде ұлттық стандарттардың техникалық ерекшелігінде көрсетілмеуі немесе дұрыс көрсетілмеуі», «әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын, одан бас тартуға әкеп соққан шешім қабылдау», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып, әлеуетті өнім берушіні жіберу туралы шешім қабылдау», «Баға ұсыныстарын сұрату арқылы мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде ақпаратты орналастыру тәртібі мен мерзімдерін бұзу» - болып табылады.
Камералдық бақылау іс-шараларының қорытындысымен нысандарға 13,5 млрд теңгеге 1855 хабарлама жолданды.
Осылайша Департаментпен 13,5 млрд. теңгенің мемлекеттік саты алу бұзушылықтарының жолы кесілді.
Хабарламаларды тиісінше орындамау фактілері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бузышылық туралы Кодекстің 462-бабының 3-бөлігімен 105 әкімшілік хаттамалары толтырылып, 40 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте, Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды мемлекеттік аудит объектісіне хабарлама тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде дербес жойған кезінде, лауазымды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.