Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 722-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңға сәйкес қаржылық бақылаудың ден қою шараларының бірі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік іс жүргізуді қозғау болып табылады;
Сонымен, 2023 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша жалпы сомасы 13,4 млн.теңгеге 185-әкімшілік хаттама жасалды, оның ішінде бюджетке 13,3 млн.тенге сомасында өндірілді:
-140 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабы бойынша (Мемлекеттік сатып алу туралы Заңнаманы бұзу),
- 37 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабы бойынша (бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін),
- 1 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 267-бабы бойынша (Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз),
- 7 хаттама ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау).
Департамент "әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 810 және 811-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қысқартылған іс жүргізуді қолдануды белсенді жүзеге асырады, бұл әкімшілік іс жүргізу қозғалған адамға санкцияда көрсетілген соманың елу пайызы мөлшерінде айыппұл сомасын жеті тәулік ішінде төлеуге мүмкіндік береді.