Департаментпен 2023 жылдың бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 288 хаттама толтырылды, оның:
141 хаттамасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 207-бабымен, (мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу);
30 хаттамасы ӘҚБтК-нің 238-бабы (бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзғаны үшін);
117 хаттамасы ӘҚБтК-нің 462-бабы бойынша (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау).
Анықталған құқық бұзушылықтардың жартысы мемлекеттік сатып алу заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтарға қатысты. Атап айтқанда:
- Сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеу не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген әлеуеттi өнiм берушiлерге тиесiлiлігiн айқындайтын сипаттамаларына нұсқау жасау - бөлігінде (16 хаттама);
- Конкурстық баға ұсынысына әсер ететiн өлшемшарттарды қолданбау бөлiгiнде бұзу, сол сияқты оларды дұрыс есептемеу бөлігінде (17 хаттама);
- Әлеуетті өнім берушілерді немесе өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар деп тану туралы талап қойып сотқа жүгінбеуі немесе уақтылы жүгінбеуі- бөлігінде (25 хаттама);
-Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында көзделмеген жағдайларда, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру - бөлігінде (50 хаттама) толтырылды.