Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетімен аумақтық Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің (бұдан әрі - ІМАД) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарын (бұдан әрі - Стандарттар) және ішкі мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) сақтауын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмыс жалғастырылуда.
2023 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша екінші деңгейдегі сапа бақылауымен барлығы - 200 ІМАД аудит материалдары қамтылған, оның ішінде 24 (12%) аудит материалы Стандарттарға және Қағидаларға сәйкес келмейді.
Комитет және ІМАД тарапынан аудиторлық іс-шаралардың сапасын арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, Стандарттарға сәйкес келмейтін материалдардың саны төмендемеуде. Мәселен, жүргізілген талдау нәтижелері 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда Стандарттар мен Қағидаларға сәйкес келмейтін аудиторлық материалдардың үлесі 2,3 %-ға ұлғайғанын көрсетті.
Стандарттарға сәйкес келмейтін материалдардың екінші деңгейдегі сапа бақылауы мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылды:
- ҚР Қаржы министрлігінің Апелляциялық комиссияның ұсынымдарының негізінде -11 материал;
- жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік аудит объектілерінің өтініштері және шағымдарының негізінде - 5 материал;
- ІМАД-і жүргізген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерін талдау (ҚБ/ТБЖ кіші жүйесі арықылы аудит материалдарын жоспарлы іріктеу) негізінде - 8 материал.
Жүргізілген талдау аудит материалдарын Стандарттарға сәйкес келмейді деп танудың негізгі себептері болып келесілер табылатынын көрсетті: анықталған бұзушылықтарды растайтын объективті, маңызды, жеткілікті аудиторлық дәлелдемелердің болмауы; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін жан-жақты, толық және объективті қарауды қамтамасыз етпеу (аудит жүргізуге негіз болған мәселелерді толық қамтымау); ішкі мемлекеттік аудит жүргізу бағдарламасымен бекітілген барлық мәселелердің толық талдауды (қамтуды) қамтамасыз етпеуі; анықталған бұзушылықтарды көрсету кезінде ҚР заңнамасын дұрыс қолданбау; Стандарттар және Қағидалардың талаптарын сақтамай, аудиторлық іс-шараны жүргізу және т.б.).
Комитетпен мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары мен ережелерінің сақталмауының алдын алу және болдырмау мақсатында тоқсан сайын Департаменттердің атына шолу хаттары жіберілуде, «бейнеконференцбайланыс» режимінде кеңестер өткізілді, сонымен қатар тәжірибе алмасу мақсатында Комитетке ІМАД-н мамандарының тағылымдамасы ұйымдастырылады.