Аудиторлық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Департамент тарапынан 2023 жылдың І жарты жылдығында барлығы 65 аудиторлық іс-шарамен 3 млрд. 524,6 млн. теңге қаражат қамтылып, нәтижесінде жалпы сомасы 2 млрд. 294,2 млн. теңгеден астам бұзушылықтар анықталған (қаржылық есептілік аудиті нәтижелерін қоспағанда), оның ішінде бюджет және басқада заңнама бұзушылықтары жалпы сомасы 2 млрд. 219,7 млн. теңге немесе 96,7% (қаржылық+рәсімдік сипатағы бұзушылықтар) және мемлекеттік сатып алу туралы заңнама бұзушылықтары 74,5 млн. теңге немесе 3,3% құрайды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың бюджетке өтеуге, қалпына келтіруге және есептілікте көрсетуге жататыны 1 млрд. 774,3 млн. теңге (өтеуге жататыны – 1 млрд. 134,4 млн. теңге, қалпына келтіруге – 583,0 млн. теңге, есептілікте көрсетуге жататыны – 56,9 млн. теңге).
Департаменттің ден қою шараларымен бюджетке өтелгені, қалпына келтірілгені және есептілікте көрсетілгені 1 млрд. 281,3 млн. теңге немесе 72,2 % (бюджетке өтелгені 779,4 млн.тг., қалпына келтірілгені 445,0 млн.тг., есептілікте көрсетілгені 56,9 млн. теңге).
Қолданылған шаралар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес, аудит объектілерінің 3 лауазымды тұлғасына қатысты 11 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, 707,6 мың теңге айыппұл салынды. Оның 500,6 мың теңгесі бюджетке төленсе, 207,0 мың теңгенің айыппұлы уақытылы төленбеуіне байланысты сот орындаушыларға жолданды.
Департамент тарапынан жолданған анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы 55 нұсқама жолданып, 38 нұсқама толығымен орындалды. Қалған 17 нұсқаманың орындалу мерзімі келмеген (мерзімі ұзартылған).
Аталған нұсқамалар бойынша тәртіптік жауапкершілікке 58 аудит объектісінің жауапты тұлғалары тартылған.
Құқық қорғау органдарына процессуалдық шешім қабылдауға 2023 жылдың өткен кезеңінде анықталған заңнама бұзушылықтардың 995,1 млн. теңге сомасында 8 мемлекеттік аудит материалдары жолданған.
Қолданылған шаралар нәтижесінде құқық қорғау органдарымен 7 аудит материалдары бойынша ҚР ҚК-нің 189 бабы бойынша сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу бойынша қылмыстық істер қозғалып, тиісті сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.