«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің Қостанай қаласы әкімдігінің №6 бөбекжай – бақшасы» МКҚК жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 149,8 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар белгіленді. Аудит қорытындысы бойынша 149,8 мың теңге сомасында қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар толық көлемде қалпына келтірілді. Аудит нәтижелері бойынша бір лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Аудит материалы құқық қорғау органдарына мәні бойынша қарау үшін берілді.
«Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы« Михайловка орман шаруашылығы мекемесі» КММ жүргізілген аудитпен жалпы сомасы 755,3 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар белгіленді. Қабылданған шаралар нәтижесінде бюджетке 755,3 мың теңге сомасында толық көлемде өтелді. Аудит нәтижелері бойынша төрт лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.