2023 жылдың 1 жартыжылдығына Департаменттің мемлекеттік аудиторлары 41 аудиторлық іс-шара өткізді, оның барысында 11 918,7 млн.теңге қамтылды.
9 534,6 млн.теңге сомасына бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 3 413 млн. теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 6 121,5 млн. теңге. Оның ішінде 893,5 млн.теңге сомасына мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы сақтауды бұзушылықтар анықталды.
Аудиторлық іс – шаралардың қорытындысы бойынша қалпына келтіруге, бюджетке өтеуге жататын бұзушылықтардан 3 413 млн.теңге сомасында қалпына келтірілді және өтелді – 3 284,6 млн. теңге немесе 96,2%.
Жіберілген бұзушылықтар үшін аудит объектілерінің 39 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Құқық қорғау органдарына 48232,8 мың теңге сомасына 2 аудит материалдары жіберілді.
Жол берілген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 13 446,4 мың теңгеге айыппұл түрінде 185 әкімшілік жаза қолданылды, бюджетке 13 342,9 мың теңге өндірілді.
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуын камералдық бақылау нәтижелері бойынша 18 982,2 млн.теңге сомасына 1361 хабарлама жіберілді.