Меню

Страницы

Статья

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2023 жылдың бірінші жартыжылдық қызметінің қорытындысы

Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекетік аудит департаменті (әрі қарай - Департамент) 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 48 аудиторлық іс-шара өткізді (оның ішінде сәйкестік аудиті бойынша – 45, қаржылық есептілік аудиті бойынша - 3). Сәйкестік аудитімен қамтылған бюджет қаражатының көлімі 5 339,9 млн.теңгені құрады.

Жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша жалпы сомасы 60 256,8 млн.теңгеге бюджет қаражатын пайдалану кезінде заңнама бұзушылықтары анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 182,1 млн. теңге, рәсімдік бұзушылықтар – 60 074,7 млн.теңгені құрады.

Департаменттің қаржылық бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар нәтижесінде 85,4 млн.теңге сомасында бюджет қаражаты есепке алынып, қалпына келтірілді және өтелді.

Есепті кезеңде жүргізілген аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру мақсатында Департаментпен мемлекеттік аудит объектілеріне 45 нұсқама жолданды.

Есепті күнге 31 нұсқама бойынша орындау мерзімі келген, оның ішінде толық мөлшерде 31-і орындалды. Орындалмаған нұсқамалар бойынша Департаментпен заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар жүргізілуде.

Бірінші жартыжылдықта өткізілген  аудиторлық іс-шаралар нәтижелері бойынша 53 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бақылау қызметінің қорытындысы бойынша 70,5 млн. теңге сомасына   бюджет қаражатын жымқырудың 5 фактісі анықталып, құқық қорғау органдарымен қарастырылуда.

 

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 июля 2023
Дата обновления
24 июля 2023
Тип

Сейчас читают

Мақалалар
20 октября 2026
Қызметкерлер мен олардың жұбайларының декларацияларды уақтылы тапсыруын бақылау
Мақалалар
20 октября 2026
Денсаулық сақтау саласындағы аудиторлық іс-шаралардың қорытындылары
Талдамалық мақала
15 октября 2026
Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментінің 2026 жылдың 9 айында жүргізілген іс-шараларының нәтижелері

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы