2023 жылдың 1 жартыжылдығында ШҚО бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік аудиторларымен бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілді және олардың басым бөлігі уақтылы жойылды.
Есепті кезеңде Департаментпен 36 аудиторлық іс – шара, оның ішінде мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 13 іс-шара, басқа негіздемелер бойынша - 23 іс-шара өткізілді. Аудитпен қамтылған қаражаттың жалпы көлемі 11916,0 млн. теңгені құрады.
Аудиторлық іс-шаралардың қорытындысы бойынша 1978,5 млн. теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар, 4030,0 млн. теңге сомасына рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталды.
Өтеуге және қалпына келтіруге жататын бұзушылықтар сомасынан жалпы 78,9% немесе 539,6 млн.теңге өтелді және 426,0 млн. теңге қалпына келтірілді, қалдықтар 113,6 млн.теңгені құрады, олар бойынша ұйғарым мерзімдері келген жоқ және сот процестері жүргізілуде.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға және оларға жол берген адамдардың жауапкершілігін қарау туралы 35 нұсқама жіберілді, олардың 26-сы орындалды. Орындалмаған 9 нұсқаманың 5-і бойынша есепті күнге орындалу мерзімі келген жоқ, 4 нұсқама бойынша сот талқылаулары жүргізілуде.
Аудит нәтижелері бойынша қабылданған шаралармен 1,9 млн.теңге сомасына айыппұл салумен 10 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олар бюджет кірісіне толығымен өндірілді. Тәртіптік жауапкершілікке 15 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 2 лауазымды тұлға атқаратын лауазымынан босатылды.
Құқық қорғау органдарына процестік шешім қабылдау үшін 3 материал берілді.
Ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында 155144,2 млн. теңге сомасына 10335 Мемлекеттік сатып алу рәсімі камералдық бақылаумен қамтылды.
Нәтижесінде, 1459 жағдайда 35241,3 млн. теңге сомасына бұзушылықтарды жоюға хабарламалар жіберілді.
Кейбір жағдайларда хабарламаларды тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 8 әкімшілік іс қозғалды.
Сондай-ақ, бір объект бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру қабылданды.